Discovery Borovoe

Бурабайда отбасылық демалыс

ТҰРУ:

Стандартты бөлме – тәулігіне бір кісіден екі кісілікке орналасқанда 8900тг.

Екі кісілік бөлмеге бір кісі орналасқанда бөлменің бағасы 13 900 теңгені құрайды.

5 жастан 12 жасқа дейін балалар – 6900тг.

5 жасқа дейінгі балаларға – тегін.

Баланың өзімен бірге туу туралы куәлігі болу керек.

5 немесе одан да көп тәулікке тұруға брондаған зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға 10 пайыз жеңілдік.

 

ТӘУЛІКТІК БАҒАСЫНА КІРЕДІ:

  • бес рет тамақтану;
  • тұру орны;
  • бассейн;
  • СПА-орталығы (орыс моншасы, хаммам, джакузи, душ Шарко, тұзды монша, шунгит-шөпті монша);
  • балалар ойын алаңы(1200 м2); жаңалық!
  • түнгі клубта және бильярдта Wi-Fi;
  • жіпті саябақ;
  • түнгі клуб караокамен;
  • мангал, шампурлар;
  • үстел теннисі, үстел ойындары.

 

БРОНДАУ:

Келу күнінен 2 апта бұрын брондау ұсынылады.

ОРНАЛАСТЫРУ:

Төрт қонақ үйге бөлінген  жабдықталған бөлмелер. Әр бөлме санитарлық тораппен және жылы еденді душ бөлмесімен, реттелетін жылу жүйесі және кондициялаумен, тоңазытқыш, сейф, фен, LED теледидар спутниктік телехабарламалармен жабдықталған. Қосымша екі орын қосу мүмкіндігі бар екі кісілік бөлмелер.

ТӘУЛІКТІК БАҒАСЫНА КІРЕДІ:

  • бес рет тамақтану;
  • тұру орны;
  • бассейн;
  • СПА-орталығы (орыс моншасы, хаммам, джакузи, душ Шарко, тұзды монша, шунгит-шөпті монша);
  • балалар ойын алаңы(1200 м2) жаңалық!
  • түнгі клубта және бильярдта Wi-Fi;
  • жіпті саябақ;
  • түнгі клуб караокамен;
  • мангал, шампурлар;
  • үстел теннисі, үстел ойындары.

БРОНДАУ:

Келу күнінен 2 апта бұрын брондау ұсынылады.

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ:

  • Таңғы ас – бір адамнан 1 500 тг
  • Түскі ас – бір адамнан 3000 тг
  • Бесіндік – бір адамнан – 1500 тг
  • кешкі ас – бір адамнан – 3000 тг

 

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫМЕН БІРГЕ ОРНАЛАСУ:

Рұқсат етіледі: салмағы 3 кг-нан артық емес ит және бір бөлмеге 1 жануардан. Бағасы – тәулігіне 8900 теңге

 

КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ:

Курорт Бурабай станциясынан - «Discovery-Borovoe» СОСО және «Discovery-Borovoe» СОСО-Курорт Бурабай станциясы (күтіп алу –шығарып салу):

шағын автобус (13 орындық) -10 000 теңге

Автобус (ПАЗ 30 орындық ) – 20 000  теңге

жеңіл машина (4 орындық ) – 5 000 теңге

 

МОНША-ҚАЗАНДЫҚ (6-10 адам):

10:00-нан – 13:00-ге дейін  – 10 000 теңге/сағаты, қосымша сағат – 7 000 теңге

13:00-ден – 19:00-ге дейін – 15 000 теңге/сағаты,қосымша сағат – 7 000 теңге

19:00-ден – 00:00-ге дейін– 20 000 тенге/сағаты, қосымша сағат – 7 000 теңге

 

СПОРТ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАЛҒА БЕРУ:

Спорт құралдарының атаулары Бағасы
Бильярд (1 сағ) 1 000 теңге
Шаңғы (1 сағ) 500 теңге
Коньки (1 сағ) 300 теңге
Төбешіктен сырғанау (барлық келген уақытқа) Тюбті тегін жалға алуға немесе өзімен ала келуге болады, сырғанау тек тюбпен рұқсат етіледі. 1 тюбтан 2 000 теңге
Велосипедтер (1 сағ) 500 теңге
қар кешкіш (нұсқаушымен)

1 сағаты 15 000 теңге

30 минуты 7 500 теңге

3 750 теңге 15 мин

2 500 теңге 10 мин

Тамаша  демалыс- бұл жан мен тәннің демалысы. Әр адам жанының өз қалауы өзінше, ал  барлық дене тыныштықты, демалысты, дұрыс ұйқыны және таза ауаны талап етеді. DiscoveryBorovoe-де сіздің денеңіздің демалуына барлық жағдай жасалынған. Тұру бағасына СПА-орталығына бару енгізілген.

Бүгінгі күні DiscoveryBorovoe СПА-орталығы 6 бағыттан тұрады:

Тұзды монша қызғылт гималай тұзынан жасалған плиткалармен бөлінген, әсіресе тыныс алу жүйесі мен теріге жақсы әсер етеді. Тұздың құрамындағы пайдалы микроэлементтерге бай ауаның арқасында тұзды монша барлық ағзаға елеулі емдік әсер береді. Жанға жайлы жарық мидың демалуына, бойын еркін ұстауға және толық қанды емдеу шараларына рақатануға мүмкіндік туғызады.

Орыс моншасы. Ертеде адамдар моншаның емдік және жасарту қасиеті бар екенін білген. Жоғарғы сапалы материалмен қоса заманауи әрлендірме, жоғарғы сұрыптағы ағашпен өңделеген  және ең дәстүрлі технология бойынша жасалған булы монша нағыз орыс моншасы.  Мұндай үйлесім әдеттегі моншаны жан мен тәннің түкпіріне айналдырады. Ішін әрлендіруге ағаш қолданылған, құрамында химиялық зат жоқ, сырланбаған,сондықтан  қызған уақытта жаңа ағаштың иісінен басқа ешқандай бөтен иіс болмайды. Су  құйып ыстық бу шығаратын, әрине қандай монша қыздырылған тассыз?

Хаммам (түрік моншасы) ерте ғасырда түпкі тамыры рим терминологиясынан шыққан. Түрік моншасының температурасы орыс моншасына қарағанда төмендеу – 30-35 0. Хамамның іші мәрмәрмен әрленген,  тас бумен тамаша қызады және ұзақ уақыт ыстықты ұстап тұрады. Жылы тас жатақтар болғандықтан түрік моншасы әйел адамдарға өте пайдалы болып есептелінеді. Түрік моншасының жабдықтары әрқашан бай болып келеді. Осы уақытқа дейін ішін әрлеуде жылтыр мозаикалар, тұтас мәрмәр плиткалар, мәрмәрдән жасалынған  жуынатын шұңғылша, алтын жалатқан шүмек қолданылады.

Душ Шарко – «соққы түрдегі» душ немесе сумен уқалау душы. Ағзаға жақсы әсер ететінін дәлелдеген дәрігердің құрметіне  орай осылай аталған. Душта адамның қатысуынсыз автоматты түрде жұмыс істейтін 5 түрлі ағыншы бар. Ағынды су қан айналымын жақсарта және нормаға келтіре ағзаға қатты күшпен әсер етіліп, иммунитетті көтереді, жасарту және қалпына келтіру механизімін күшейтеді. Бұл процедура –сауықтандыру және бәсеңдету процедурасымен қосылған тамаша нұсқа.

Джакузи ( көрікті ванна) – барлық денеге пайдалы және жағымды  сумен уқалау процедурасы, тыныштық пен жалпы дененің босаңсуына көмектеседі. Джакузиге бөлме температурасындағы артезиан суы қолданылады. Ауа көпіршіктері жұмсақ денені тыныштандырады. Джакузиді қан қысымы немесе жүрек қағысында өзерістер болған жағдайда, моншадан кейін бассейннің орнына қолдануға болады.

Шунгит-шөпті монша – монша іші шунгит таспен әрленген. Шунгиттің басты пайдалы қасиеті күнделікті өмірде көп кездесетін заманауи электрқұралдарынан  электрмагнитті сәуленуді сөндіру болып табылады. Сонымен қатар шунгит күшті антиоксидант және бактерицидті қасиеті бар: жұқтырмау, органикалық ластанудан тазартады, иммунитетті жақсартады, жағымсыз энергияны жұтады. Моншада шунгитотерапядан басқа фитотерапияда жүргізіледі – тыныс алу жолдарына жақсы әсер ететін хош иісті майлар шашылады. Тас кресло бірдей қызып,  отырған адамға жылулық береді, қимыл- тірек аппараты үшін, әсіресе белге өте пайдалы.